Лос-Анджелестегі базарда атыс болды

15 мамыр 2022, 14:40

Лос-Анджелесте белгісіз біреу Skid Row саяжайларының маңында орналасқан Орталық базарға келушілерге оқ жаудырды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Жергілікті CBS хабарлауынша, бір адам зардап шекті.

 

Әзірге күдікті туралы мәлімет жоқ, оның ақ нәсілді адам екені ғана белгілі. Ол қылмыс жасаған жерден бой тасалаған.

 

Айта кетейік, АҚШ-та бір тәулікте екінші рет қарулы шабуыл болды. Бұған дейін Буффало қаласында тағы бір күдікті супермаркетте он адамды атып өлтірген болатын. Оның әрекеті нәсілдік экстремизм актісі ретінде танылды.