Шартарап

Лукашенко: Коронавирус деп елдің бәрі жындана бастады

  • © gazeta.ru

    © gazeta.ru

Беларусь президенті Александр Лукашенко жергілікті билік басшыларын коронавирусқа байланысты дүрбелеңге салынбай, жұмыс істеуін жалғастыруға шақырды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz BelTA-ға сілтеме жасап.

 

Қиындықтар көп. Көріп отырсыздар: әлем коронавирус деп жындана бастады немесе коронавирус туралы барлық пайымдар мүмкін де шығар. Бірақ біз үшін бұл басты және қорқынышты нәрсе емес. Біз нешеме түрлі вирустарды бастан кешірдік, бұдан да аман өтеміз. Бұдан да қиын вирустар болған: шошқа тұмауы, құс тұмауы және SARS пневмониясы. Қайдан шықты бұлар деп бәрі ахілеп-улеген кезінде тура осылай, - деп атап өтті Александр Лукашенко.

 

Президенттің айтуынша, Беларусь қауіп-қатерлерге лайықты деңгейде қарсы тұруда. Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы мақсатты шаралар қолдануда, ал беларусьтықтардың өздері бұл жағдайда сабырлылық танытып, өзін дұрыс ұстауда.

 

Біз үшін ең үлкен мәселе (проблема емес, жауапкершілік) - бұл экономика. Өкінішке орай, коронавирусқа қатысты теледидардағы барлық жылтың-жылтың еткен жаңалықтар экономикаға айтарлықтай әсер етуде. Тіпті, біздің туған Ресей, астын сызып тұрып көрсете кетейін, Беларусь елімен арадағы шекараны жауып тастады, - деп атап өтті ол.

 

Сонымен бірге, ол Беларусь еліндегі жағдай біршама тыныш екенін, керісінше Ресейде коронавирус өршіп тұрғанын атап өтті.

 

Сондықтан кім кімді жабуы керек. Риторикалық сұрақ па, - деп қосты президент.

 

Айта кетелік, бүгін РФ Беларусь Республикасымен арадағы шекараны жапты.

 




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 21:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30