Шартарап

Марқұмның туыстары жедел жәрдем дәрігерін жабылып ұрған

  • © Кun.uz

    © Кun.uz

Өзбекстанның Самарқанд облысындағы Кушрабад ауданында 49 жастағы әйел жедел жәрдем дәрігерінің емдеу әрекетінен соң қайтыс болған.

 

Куәгерлердің айтуынша, марқұмның туыстары дәрігерді науқасқа инені дұрыс салмады деп айыптап, оны жабылып ұрған. Кушрабад ауданындағы Медициналық бірлестік жетекшісі махалла жиналысында осындай жағдай болғанын растады.

 

Шенеунік 49 жастағы науқас өліміне не себеп болғанын медициналық сараптама анықтайтынын, содан кейін ғана заң аясында шара қолдану керектігін ескертті.

 

«Жуш» ауылының тұрғыны Лола Душанова 24 мамырда кешке қатты мазасызданған соң, туыстары жедел жәрдем шақыртқан.

 

Куәгерлердің айтуынша, Душанованың үйіне Жедел медициналық станция филиалының педиатры келіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

 

«Біз оның қандай ине салғанын білмейміз, бірақ содан кейін оның жағдайы тіпті нашарлап кеті. Әйел ине салғаннан кейін қайтыс болды. Сосын марқұмның балалары дәрігерді жабылып ұрды. Марқұмды бүгін жерледік», — деді «Жуш» махалласының бір тұрғыны 25 мамырда.

 

«Науқаста миокард инфаркты болған деп болжайды дәрігерлер. Дәрігер оған нитроглицерін қоспасын, сонымен бірге анальгин мен димедрол салған. Науқас шынымен сол кезде қайтыс болған. Біз оның жүрегі ауырған деп болжадық», — деді медициналық бірлестік жетекшісі Ұлықбек Шамсиев.

 

Өзбек дәрігерлерінің бірі соңғы кезде медицина қызметкерлеріне жұдырық ала жүгіру көбейгеніне алаңдайды.

 

«Науқастың туыстары секем алса, сараптама жүргізуін талап етуі керек еді. Бұл істі прокуратура тергеуі тиіс. Естуімше, марқұмның туыстары оны бүгін түсте жерлеген», – дейді дәрігер.

 

2019 жылғы қыркүйекте Әндіжан облысындағы Асақын ауданында науқастың туыстары жедел жәрдем фельдшерін жабылып ұрған. Сол кезде Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне күш көрсету оқиғасы жиілегеніне алаңдайтынын мәлімдеген.

 

 

 

 

aikyn.kz

 




Көрілген: 1801    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 17:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31