Шартарап

Маска тақпаған президент айыппұл төледі

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бразилия президенті Жаир Болсонару қоғамдық шараға маска тақпай шыққан. Пандемияға байланысты енгізілген санитарлық талаптарды бұзғаны үшін президентке айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

 

Сенбі күні Болсорану Сан-Паулу көшелерінде өз жақтастары қатысқан мотожарысты басқарды. Ол өз мотоциклінен, содан кейін жүк көлігінен жиналған көпшілікпен амандасты. Президент консерваторы жақтастарының бастарында шлем болды, бірақ көпшілігі маска тақпаған, олар вакциналанған адамдар үшін маскалар пайдасыз деп ұрандатты.

 

Мұнымен денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың көпшілігі келіспейді.

 

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Болсонаруды қолдау акциясына 12 000 мотоцикл қатысты.

 

Сан-Паулу штаты үкіметінің баспасөз қызметі 2020 жылдың мамыр айынан бастап қоғамдық орындарда маскаларды тағуды талап ететін ережелерді бұзғаны үшін Президентке 110 АҚШ доллар мөлшерінде айыппұл салынғанын хабарлады.

 

Бұған дейін Болсонаруға Мараньяо штатының солтүстік-шығысындағы жақтастарымен мамыр митингісі кезінде маска тақпағаны үшін айыппұл салынған болатын.

 

Осы штат пен Сан-Паулу губернаторлары коронавирустың таралуын болдырмауға арналған шектеу шаралары туралы мәселеде Болсонаруға қарсы.

 

 




Көрілген: 341    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 19:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31