Мәскеуде банкоматтар алдында ұзынсонар кезек қалыптасты

03 наурыз 2022, 09:37

Жұрт жуырда елде ақша тапшылығы туа ма деп қорқады.

Мәскеуде банкоматтар алдында ұзынсонар кезек қалыптасты, деп хабарлады "Хабар24". 

 
Батыс елдерінің Ресейге салған санкцияларынан кейін тұрғындар қолма-қол ақша алуға асық. Жұрт жуырда елде ақша тапшылығы туа ма деп қорқады. Себебі, соңғы күндері Ресей валютасы тым тез құнсызданып жатыр. Қазір доллар бағамы 100 рубльден асады. Дүкендердегі тауар бағасы болса, барған сайын қымбаттап жатыр. 

Айта кетейін, бірер күнде әлемнің көптеген компаниялары Ресеймен байланысын үзіп жатыр. Көрші елдің нарығынан мұнай компанияларынан бастап, автоөндірушілерге дейін кетіп жатыр. Ал банктер бұдан былай Apple Pay мен GooglePay-ді қолдана алмайды.