Маймыл безгегін 92 адам жұқтырды - ДДСҰ

23 мамыр 2022, 07:51

Әлемде маймыл шешегін жұқтырған адам саны 100-ге жуықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Тағы 28-і медициналық тексерістен өтіп жатыр. Мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялады.

 

Африкада таралған дерт қазіргі сәтке дейін 12 елде анықталған.

 

Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы аурудан көз жұмғандардың бар-жоғын анықтау үстінде.

 

Айта кетейік, маймыл шешегі – дененің жұғысуы немесе тамшылар арқылы ауамен берілетін, дене қызуын көтеретін, бас пен бұлшықетті ауыртып, соңы жаппай бөртпеге ұласатын дерт.