Шартарап

Маймыл мен адамды будандастырып көрген ғалымдар таңғалысты

  • © Pixabay

    © Pixabay

Қытайда испандық ғалымдар зертханада "химерлік эмбриондарды" алды. Олар генетикалық модификацияланған маймыл эмбриондарын алып, оны адам жасушасы тініне енгізді, деп жазады Life.ru El País-қа сілтеме жасап.


Бұл жануарлардың денесінде адам ағзаларын өсіру мүмкіндіктерін зерттеу үшін қажет болғандығы айтылады. Әзірге, қандай маймыл түрі тәжірибеге қолданылғаны айтылмайды. Ол макака болуы мүмкін деген болжам бар.


Хуан Карлос Изпису бастаған ғалымдар эмбриондардың дамуын 14 күн бойы бақылап, содан кейін оларды жойып жіберген. Өйткені халықаралық ғылыми қауымдастықтың талабы сондай. Екі аптадан кейін адам эмбрионында жүйке жүйесіндегі даму аяқталады екен, сондықтан этикалық себептерге байланысты оған жол бермеу туралы шешім қабылданған.


Бұрын тура осы ғалымдар тобы адам мен шошқа тінін будандастыруға тырысқан, бірақ онысынан түк шықпаған. Адам жасушалары іс жүзінде шошқа ұрығымен біте-қайнаса алмаған. Ғалымдар маймыл эмбрионымен жүргізілген эксперимент адам ағзаларының трансплантациясы бағытында жасалған маңызды қадам деп санайды.

Басылымның хабарлауынша, испан ғалымдары өз зерттеуін рұқсат берілгендіктен Қытайда жасағандарын айтады. Мысалы, Еуропада мұндай зерттеулерге қатаң тыйым салынады, ал АҚШ-та ондай зерттеулер мүлде қаржыландырылмайды екен.


Сол секілді жақында Жапония адам жасушаларын жануар эмбриондарына қолдануға рұқсат берген. Бұған дейін басылым хабарлағандай, олар адам мен тышқанды будандастырып көріпті.


 kaz.zakon.kz




Көрілген: 8062    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 16:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31