Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Маймыл шешегінен бір адам қайтыс болды

01 тамыз 2022, 17:55

Үндістанда маймыл шешегіне шалдыққан ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

The Indian Express агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Триссур қаласының 22 жастағы тұрғыны БАӘ барған сапарынан соң жекеменшік ауруханад көз жұмған. Науқас шетелде жүргенде вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Бірақ ол елге оралған соң бірнеше күннен соң ғана ауырғаны туралы хабарлаған.

 

Ол энцефалит симптомдарымен ауруханаға жатқызылды. Оның туыстары тест нәтижесін бізге одан кейін ғана көрсетті. Өлім дерегі бойынша тексеріс жүргізілетін болады, - деді Керала штатының денсаулық сақтау департаментінің басшысы Вина Джордж.

 

Науқастың жаназа рәсімі маймыл шешегінен қайтыс болғандардың хаттамасына сәйкес жүргізілген. Одан бөлек, онымен соңғы күндері байланысты болған адамдардың барлығы мамандардың бақылауына алынды.

 

Үндістанда осымен аталған індетті төрт адам жұқтырған.

 

Бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегінбүкіл әлемнің денсаулық сақтау саласына келген төтенше жағдай деп жариялаған болатын.