Шартарап

Медбикенің бес нәрестеге жасаған сұмдық қылмысы әшкере болды

  • © CC0 / congerdesign

    © CC0 / congerdesign

Германияның Ульм қаласында сот бес нәрестенің өміріне қастандық жасады деп айыпталған медбикенің ісін қарады. Ол сәбилерді морфиймен уландырмақ болған, деп хабарлайды New York Times басылымы.

 

Оқиға былтыр 20 желтоқсанда болды. Ульмнің университеттік клиникасында жатқан бес сәбидің аяқ асты тыныс алуы қиындайды. Дәрігерлер нәрестелерді жансақтау бөлімшесіне аударған, үшеуін жасанды тыныс алдыру аппаратына қосуға тура келді. Абырой болғанда, барлығы да аман қалды.

 

Дәрігерлер бірнеше апта аурудың себебін анықтауға тырысты. Инфекция күдігі расталған жоқ, алайда сәбилердің несебінен морфий табылды. Осыдан кейін басшылық құқық қорғау органдарына хабар берді.

 

Полиция қызметкерлері сол түні кезекшілік жасаған екі дәрігер мен төрт медбикеден жауап алды. Кейін жұмыс орындарын тексеріп шықты. Бір медбикенің шкафынан балаларды емізуге арналған шприц табылды. Ол сәбилерге емшек сүті мен морфийді араластырып берген.

 

Тергеу нұсқасы бойынша медбике нәрестелерді әдейі улаған. Олардың өліп кетуі мүмкін екенін де білген. Алайда әйел өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды.

 

Ол сот шешімімен тергеу аяқталғанға дейін түрмеде отырады.

 

sputnik

 




Көрілген: 272    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.02.2020, 12:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30