Шартарап

Медициналық қызметкер коронавирустан қайтыс болардан бір күн бұрын жан түршігерлік видео жазып кеткен

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Мексиканың Чиуауа қалалық ауруханасының "медбраты" Серхио Умберто Падилла Эрнандес коронавирус инфекциясынан қайтыс болардан бір күн бұрын туыстары мен достарына жан түршігерлік бейне хабарлама жазып қалдырған.

 

&mdash Құдай маған қандай тағдыр дайындаса да, қандай жағдай болса да менің кім екенімді және кім болғанымды естеріңізде сақтағаныңызды қалаймын. Себебі бұл қоштасу емес. Мен бірнеше күннен кейін оралатыныма сенімдімін, &mdash деген Серхио туыстары мен достарын жақсы көретінін айтты.

 

Алайда оның маңдайына қайтып оралу жазылмаған екен. БАҚ-тың хабарлауынша, бейне 5 қарашада жазылған. Сол күні оны желдеткішке қосқан, ал келесі күні Серхио қайтыс болды.

 

Жергілікті Milenio газетінің хабарлауынша, Чиуауа Мексиканың пандемиядан зардап шеккен Штаттарының бірі. Мемлекеттік ауруханалар науқастарға толып кеткендіктен басқа науқастарды қабылдамайды.

 

Соңғы мәліметтер бойынша, елде коронавирус инфекциясының 967 825 жағдайы анықталды, 95 027 науқас қайтыс болды.

 

 

 

kaz.365info.kz

 




Көрілген: 6042    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2020, 15:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31