Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор елде электронды темекі мен вейптерді сатуға толық тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Gazeta басылымы.
"Бүгін біз Мексикада вейп пен электронды темекінің таралуына және коммерциялануына тыйым салатын жарлыққа қол қойдық", - деп жазды Лопес Обрадор.
Мексика басшысының айтуынша, бұл шешімнің ұлттың денсаулығын, әсіресе балалар мен жасөспірімдерді қорғау бүшін қабылданған.