Мектеп бітіру кешінде атыс болып, 2 адам қаза тапты

20 мамыр 2022, 19:24

АҚШ-та мектеп бітіру кешінде атыс болып, 2 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Кентвуд қаласында тіркелді.

 

Аталған кешке шамамен 60 адам қатысқан.

 

Атыс ата-аналар мен оқушылардың көзінше болған.

 

Куәгерлердің айтуынша, мектеп стадионында өтіп жатқан салтанатты шара кезінде белгісіз біреулер көлік ішінен адамдарға оқ атқан. Сөйтіп, бірден ізін суытыпты.

 

Қазір оларды полиция іздестіріп жатыр.