Шартарап

Мектеп оқушысы оқу жылының алғашқы күні сабақ үстінде қайтыс болды

  • Фото: Getty Images/ Robert Nickelsberg

    Фото: Getty Images/ Robert Nickelsberg

Өзбекстанда Джизак облысына қарасты Шараф-Рашид ауданындағы жалпы білім беретін 11-мектепте оқу жылының алғашқы күні қайғылы оқиғамен ақяталды. Тоғызыншы сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Мектеп оқушысы сабақ үстінде есінен танып, сол қалпы оянбастан көз жұмған. Бұл туралы жергілікті Sevimli арнасынан белгілі болды.

 

Марқұм қыздың ұстазы Дильдора Худайбергенованың сөзінше, қайғылы жағдай кесте бойынша үшінші болып өткен информатика сабағында орын алды.

 

"Сабақ барысында бәрі белсенді болды. Бірақ, қыз бала аса белсенділік танытпады. Ол бар болғаны конспект жазып отырды. Қоңырауға он бес минут уақыт қалғанда біз біреудің құлағанын естідік. Анықталғандай, жасөспірім есінен танып қалған. Біз оқушыларды сыныптан шығарып, бірден медбикені шақырттық" , - деп ағынан жарылды мұғалім.

 

Мектеп директорының орынбасары Дильноза Хатамова 14-16 қыркүйек аралығында балалар арасында ешкімде жоғары дене қызуы анықталмағанын айтты. Олардың арасында қайтыс болып кеткен тоғызыншы сынып оқушысы да бар. Марқұм қыз да өзін жақсы сезінген.

 

Сол күні бірінші сынып оқушыларына вакцинация жасауға келген "Хаваслик" атты ауылдық медициналық орталықтың дәрігерлері есінен танып қалған аруға алғашқы көмек көрсетті. Қыз баласынан өмір белгілері байқалмаса да, ақ халаттылар оған өкпе реанимациясы мен сырттай жүрекке массаж жасады. Оған қоса, олар жасанды тыныс алу әдісін де қолданды. Алайда, жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болған жоқ.

 

Қазіргі таңда полицейлер оқушы қыздың мезгілсіз өлімінің себеп-салдарын анықтайтын болады.

 




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 14:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31