Мектеп оқушысына найзағай түсті

03 маусым 2022, 20:17

Токмокта 13 жасар қыз найзағай соғып, көз жұмды. Тағы екі бала зардап шекті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Қырғыз Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға №3 қалалық мектептің жанында болған.

 

«13 жастағы оқушы қыз найзағай соғып, сол жерде көз жұмды. Тағы бір 13 жасар қыз бен 17 жастағы жасөспірім Токмок аумақтық ауруханасына жеткізілді» деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

 

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.