Мектепте атыс болып, 21 адам көз жұмды

25 мамыр 2022, 08:03

АҚШ-тың Техас штатында қайғылы оқиға болды. Бастауыш мектепте атыс болып, 21 адам ажал құшты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Аймақ губернаторының сөзінше, көз жұмғандардың 18-і бала, 3-уі ересек адам. Тағы ауыр жарақат алған 3 адам шұғыл ауруханаға жеткізілген.

 

Қайғылы оқиға Ювалд қаласында болды.

 

Жазықсыз жандардың қанын төккен 18 жастағы қаскүнемді полиция атып өлтірген және 2 сақшы жараланған.

 

Президент Джо Байден Ақ үй мен басқа мемлекеттік мекемелердегі туды төмен түсіруді бұйырды. Бұл қаралы рәсім 28 мамырға дейін жалғасады.

 

Федералды тергеу бюросы былтыр АҚШ-та 61 атыс оқиғасы тіркелгенін хабарлады.

 

Камала Харрис, АҚШ вице-президенті:

 

- Мұндай сұмдық ешқашан қайталанбас үшін ұлт ретінде шешім қабылдауға батылдық танытуымыз керек. Әзірге оқиғаның жай-жапсары белгісіз. Өкінішке орай, қаншама ата-ана баласынан айырылып, қара жамылып қалды. Жүрегіміз қан жылап тұр. Нақты қадамға бармасақ, бұл қантөгіс жалғаса береді.