Шартарап

Мектепте оқушы қызды тірідей өртеп жіберді

  • © reactor

    © reactor

Бангладеш мектептерінің бірінде оқушы қызды тірідей жағып жіберген. Нусрат Джахан Рафидің үстіне керосин құйып, өртеген. Осы оқиғаға дейін екі апта бұрын оқушы қыз мектеп директоры жыныстық қысым көрсетті деп шағым жасаған.


Полицияның хабарлауынша мектеп директоры Сирадж Доула өзі түрмеде отырған кезде қызды өлтіруге бұйрық берген.

Бұл оқиға Бангладеште жаппай наразылық тудырды.



Оқушы қыз наурыз айының соңында директордың үстінен полицияға арыз жазған. Директор тұтқындалған. 6 сәуірде оқушы емтихан тапсыру үшін мектепке келген. Оқушы қыздардың бірі құрбыларын шатырда ұрып жатқанын айтып, оны шатырға алып шыққан. Нусрат шатырға келгенде бес алты адам қоршап алып, директорға қарсы берген арызын қайтып алуды талап еткен. Нусрат бас тартқанда олар оны өртеп жіберген.


Полиция кісі өліміне қатысты 16 адамға айып тақты. Олардың арасында медресе оқушылары мен жергілікті «Авами Лига» билік партиясының екі саясаткері бар.



Тергеушілер күдіктілердің бәріне өлім жазасын сұрап отыр. Директордың өзі сотта кісі өлтіруге тапсырыс бергенін мойындады.



Нусраттың өлімінен кейін Бангладештің премьер-министрі Шейх Хасина барлық кінәлілердің жауапкершілікке тартылатынын айтып, уәде берді.  


reactor




Көрілген: 994    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 11:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31