Шартарап

«Мені атып кетуі де мүмкін»: Лукашенко бүгінгі президенттік сайлауға қатысты сұхбат берді

  • «Мені атып кетуі де мүмкін»: Лукашенко бүгінгі президенттік сайлауға қатысты сұхбат берді

    «Мені атып кетуі де мүмкін»: Лукашенко бүгінгі президенттік сайлауға қатысты сұхбат берді

Бүгін Белоруссияда президенттік сайлау өтеді. Осы орайда, танымал журналист Дмитрий Гордонның Александр Лукашенкомен сұхбаты жарияланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, adyrna.kz-ке сілтеме жасап.

Сұхбат барысында белорусь президенті Александр Лукашенко Ресеймен, Путинмен арақатынас, Украинадағы Донбасс, Қырым мәселелерін жиі сөз етті.

Ресейдің жалдамалылары Минскіде бекер жүрмегенін айтқан Лукашенко оларды кейбір қалталы топтардың астыртын қолдап отырғанын мәлімдеді. Президенттік сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың Ресейге бүйрегі бұратынын да жасырмады. Лукашенко оппозицияның атынан сынға түсіп жатқан Светлана Тихоновскаяның «котлет пісіріп, үйде отырғанын» жөн көреді.

Ол Белоруссияда президенттік сайлау барысында Украинадағыдай жағдайдың қайталануына жол бермейді. Лукашенко президенттік өмірден басқа өмірді көзіне елестете алмайтынын айтты. Сұхбаттан қысқаша нұсқа...

– Егер қандай да бір ел Белорусь территориясына көз алартса, бірінші болып оқ атасыз ба?

– Мен ешқашан бірінші болып оқ атпаймын. Бұл – үлкен ақымақтық, жауларыма берілген тосын сый болар еді. Мәселенің алдын алу үшін оқ атқанға дейін талай нұсқа, мүмкіндіктер болады. Егер олардың бәрі жойылып, тығырыққа тірелер болсақ, күмәнсіз оқ атуға тура келеді.

Қазір бізде өте қауырт кезең. «Лукашенко қашуы мүмкін» деген әртүрлі қаңқу сөздер жүріп жатыр. Мен өзім туып-өскен тәуелсіз елден қашпаймын. Балам да ешқайда кетпейді.

Менде сайлау алдында ешқандай ішкі қорқыныш болмайды. Ертең көшеде қандай да бір наразылық өршіп, оларға қарсы әртүрлі қатал шаралар қабылдап жатсақ, бұл маған ыңғайсыздық тудырады. Бұл ел имиджіне нұқсан келтіреді. Қазір осы жағдай мені алаңдатады.

Барлығы да болуы ықтимал. Бірақ, қандай оқиға болса да, ешқайда қашпаймын. Мені атып кетуі де мүмкін. Мысалы, сен өзіңді мәңгілік өмір сүре алатын адаммын деп ойлайсың ба? Қазір барлық мәселе Лукашенкоға қарай бағытталып отыр. Сондықтан елде күтпеген оқиға орын алуы ықтимал. Бірақ, бізде көшеде адамдарға қарсы оқ атылады деген нәрсе қисынға келмейді.

– Сайлауға бірер күн қалғанда, сіз Белоруссияның президенті боламын деп нық айта аласыз ба?

– Әрине, кімнің президент болатынын айта аламын, бірақ, оның қазір керегі не?

– 26 жыл мемлекет басында болған Лукашенко бәрінен жалығып, кейде өзі үшін өмір сүргісі келмей ме?

– Бұл туралы да ойланған кездер болды. Бірақ, мен басқаша өмір салтын көз алдыма елестете алмаймын. Әрине, мемлекет басқару өте ауыр. Кезінде маған осы тәрізді сауал қойылды. Егер бос болсам, адамдарды емдер едім. Хирург, дәрігерлер бізде жеткілікті. Бірақ, адамды психоздан, санадағы үрейден емдеу керек. Халық бұл өмірде тыныш, байсалды өмір сүрсе деймін.

– Саясат, кездесулер, жиындар... Ұзақ жыл мемлекет басқардыңыз. Мемуар жазар ма едіңіз?

– Жоқ. Бұл тұрғыда мен жалқаумын. Егер бұған қатысты пікірім өзгеріп жатса, жанымда жүрген азаматтарға өтініш жасауым мүмкін.

 

 




Көрілген: 1343    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.08.2020, 09:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31