Шартарап

"Мені уайымдамау үшін өлтірдім": Жасөспірім отбасын түгел өлтіріп, кейін өзіне қол салған

  • "Мені уайымдамау үшін өлтірдім": Жасөспірім отбасын түгел өлтіріп, кейін өзіне қол салған

Бір отбасының алты мүшесінің, оның ішінде төрт жасқа дейінгі екі жас баланың мүрделері Ресейдің Ульянов облысы ауылындағы үйлердің бірінен табылды.


Тергеудің бір нұсқасы бойынша, 16 жастағы жасөспірім туыстарын өлтіріп, кейін өз өмірін қиған.


Ресейдің тергеу комитеті қайғылы оқиға туралы хабарлайды.


Патрикеево ауылында 66 жастағы ер адамның, 69 және 42 жастағы әйелдердің, төрт жасқа дейінгі екі баланың мүрделері табылды. Артынан қайтыс болған 16 жасар жасөспірім табылды.


«Тергеудің бір нұсқасы бойынша, жасөспірім өзінің отбасы мүшелерін өлтіріп, содан кейін ол өз өмірін қиды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, оқиға болған жер тексеріліп жатыр, басқа да тергеу амалдары мен жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған шаралар жасалып жатыр», - делінген хабарламада.


Алдын-ала болжам бойынша, жас жігіт отбасы мүшелерін балтамен өлтірген. Ол шизофрениядан зардап шегуі мүмкін, дейді облыстық прокуратураның өкілі.


Өз-өзіне қол жұмсау туралы жазбада жасөспірім өліп, бәрін өздерімен бірге алып кетуді ұйғарды деп жазды. Оның үстіне, ол өте үлгілі отбасынан шыққан, олимпиадаларға бірнеше рет қатысқан, үздік оқушы болған. Шамасы, ол шизофрениямен ауырған.


Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігінің «а» тармақшалары (екі немесе одан да көп адамды, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.




Көрілген: 922    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.08.2019, 21:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30