Метрода әйелді келе жатқан пойыздың астына итеріп жіберген

17 қаңтар 2022, 00:52

42 жастағы әйел станцияға жақындаған кезде оны пойызға итеріп жіберген сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Хабар 24.

 

Абырой болғанда әйел дер кезінде құтқарылған. Жеңіл жарақат алған жәбірленуші жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

 

Оқиға 15 қаңтарда таңертеңгі мезгілде болған.

 

Белгілі болғанындай, күдіктінің орындықта отырғаны және келе жатқан пойызды көріп, орнынан тұрып, әйелді итеріп жібергені анық көрінген. Содан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен.

 

Полиция көп ұзамай 20-30 жас шамасындағы күдіктіні ұстады.

 

Оның бұрын сотты болғаны анықталды.