Мейрамханада болған жойқын жарылыстан 3 адам қаза тапты (видео)

21 қазан 2021, 19:43

Қытайдың Шэньян қаласындағы жарылыстан 3 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақат алды. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Ria.ru басылымының жазуынша, жарылыс Ляонин провинциясының Шэньян қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған.

 

Таңғы сағат 7-лер шамасында болған төтенше жағдайдан 3 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды.

 

Жарылыс салдарынан маңайдағы нысандар мен көліктер бүлінген.

 

 

Төтеншеліктер қазір жарылыс болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша газ жарылған болуы мүмкін.