Шартарап

Ми жасушаларының қартаю процесін тежеудің амалы табылды

  • https://qazaqstan.tv/

    https://qazaqstan.tv/

Швейцариядағы Цюрих университетінің ғалымдары мидың қартаю тетігін зерделей келе оеы бәсеңдетуге болатынына көз жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Healthcare Channel мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Ғалымдар бұл зерттеу барысында нейронды діңгекті жасушаның дұрыс жұмыс істеуіне B1 ламин ақуызының қатысы барын анықтайды. Оргагизм қартайған сайын оның саны азая береді, бұл жайт өз кезегінде зиянды ақуыздардың таралуын тежеп, нәтижесінде бір орынға жинала бермек, соңында жаңа нейрон қалыптастыру үшін жасушаның бөліну процесі баяулайда.

 

 Мұның сырын ашу үшін ғалымдар бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізіп, тышқанда аталған ақуызды жасанды жолмен көбейтіп көреді. Нәтижесінде діңгекті жасушалар белсенді бөлініп, жаңа нейрондар қалыптастырған.

 

Осылайша ғалымдар мидың қартаю процесін B1 ламиннің концентрациясын арттыру арқылы тежеуге болатынына көз жеткізген.

 

Десе де Цюрих университетінің жанындағы зерттеу институтының ғалымдар тобының жетекшісі Себастьян Джессбергер бұл тараптағы зерттеу жалғасын табатынын жеткізді.

 

Ғалымдар аталмыш жаңалықтың қарт адамдардың нейрогенез деңгейін арттыруға әрі Альцгеймер секілді нейродегенеративті дертке шалдыққан науқастарға көмектесуге септігін тигізетініне үміт артып отыр.

 

 

 

 




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 19:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30