Шартарап

Мичиган штатындағы мектепте оқ жаудырған оқушы үш адамның өмірін қиды

  • Мичиган штатындағы мектепте оқ жаудырған оқушы үш адамның өмірін қиды

    Мичиган штатындағы мектепте оқ жаудырған оқушы үш адамның өмірін қиды

Мичиган штатының Оксфорд қаласындағы орналасқан мектепте болған атыстан үш адам қаза тауып, сегіз адам жараланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Атысты шығарды деген күдікке 15 жастағы мектеп оқушысы ілініп отыр.

 Полиция оқушыны 911 нөміріне келіп түскен қоңыраудан кейін мектепке келген уақыттан бірнеше минуттан кейін ұстады. Шабуыл жасаушының аты-жөні мен оқиғаның жәй-жапсары әлі белгісіз. Қайтыс болғандар 14 пен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуылдаушы 15-20 оқ атқан. Қылмыскер қарсылықсыз өз еркімен берілген. Кейін белгілі болғандай, оқиғадан бірнеше күн бұрын оның әкесі қаладағы қару сататын дүкендердің бірінен тапанша сатып алған. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде қолында қару ұстаған жасөспірім бейнеленген суреттер пайда болған. Қылмысқа бару себебі бәймәлім болып отыр.

АҚШ президенті Джо Байден қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

"Оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатқан уақытта, мен жақындарынан айырылудың адам елестете алмас қайғысын бастан кешіріп жатқан отбасы мүшелеріне шын жүректен көңіл айтамын", - деді ол.

Шабуылға байланысты штат билігі онда орналасқан барлық мектептерді келесі аптаға дейін жабады.




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 16:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31