Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мигранттар өздерін құтқарған Түрік кемесін басып алды

28 наурыз 2019, 15:56

Түрік кемесінің экипажы өзгені құтқарамын деп өздері зардап шекті. Жерорта теңізінде түрік кемесі экипажының мүшелері құтқарған мигранттар кемені басып алды. Сөйтіп Мальтаға қарай бет алған.

Кеме бортында 100-ден аса адам бар. Кейбір мәліметтерге сәйкес, мигранттар кемені өз бақылауына Ливия жағалауында алған.

Мальта билігінің кеме капитанымен байланысқа шығу әрекеті әзірге сәтсіз аяқталып отыр. Ал шекара қызметі бар болғаны кемені бақылауға алып, оның Мальтаның аумақтық суларына кіруіне жол бермеуге тырысуда.

Италиялық La Repubblica газетінің хабарлауынша, мигранттар Ливияға қайтарылатындықтарын білгеннен соң ғана кемені басып алды.

Оқиға Ливия жағалауынан небәрі 6 миль қашықтықта болған кезде орын алған. Содан кейін кеме Италияға қарай беттеген.

Өз кезегінде Италия Ішкі істер министрі Маттео Сальвини мигранттарды қарақшы деп есептеп, оларды елге кіргізбейтінін мәлімдеді.

24.kz