АҚШ-тың Калифорния штатындағы орман өрті құны миллиардтаған доллар тұратын 20 баспананы күлге айналдырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Құтқарушылардың айтуынша қызыл жалын желден жан-жағына лезде тарап, көзді ашып жұмғанша бірнеше тұрғын үйді тып-типыл етті.
Қазір шамамен 80 гектар аумақ жарамсыз күйге айналды.
Жергілікті билік халықты шұғыл эвакуациялау туралы бұйрық берді.
Тілсіз жауды ауыздықтау үшін авиация мен ондаған техника жұмылдырылды.