Шартарап

Миллиондаған ақшасын ойынханада ұтылған жігіт өзіне қол салды (видео)

  • © centralasian.org

    © centralasian.org

Ош қаласындағы DeLuxe қонақ үйінде жасырын жұмыс істейтін ойынхана туралы хабарлаған Темурлан Алиев өз-өзіне қол жұмсады.


Туыстары оны 2 маусымда асханада асылып қалған жерден тауып, қалалық ауруханаға алып барған. Ол бір апта бойы комада жатып, есін жимастан 8 маусымда қайтыс болды.


Ош қаласы ішкі істер бөлімінің баспасөз хатшысы Замир Сыдыковтың хабарлауынша, Алиевтің ойынхана туралы арызы мен оның өз-өзіне қол салуы бірге қаралады.


Темурлан Алиевтің артында жесірі және екі баласы қалды. Туыстарының айтуынша, ол соңғы күндері үйден шықпаған.


Марқұмның әкесі Рахман Алиев елдегі ойынханаларды толықтай жабу үшін күресетінін айтты. "Қырғызстанда құмар ойындарға тыйым салынған. Бірақ олар ашық жұмыс істеп тұр. Мен осыны түсінбеймін. Ойынханаларды жабу үшін күресем. Қажет болса, президентке дейін барамын", - деді ол.


Бір ай бұрын Рахман Алиев баласының ойынханада 6,5 млн сом (93 мың доллар) ұтылғанын, үйде тамақ алуға ақша қалмағанын айтқан.


Темурлан Алиев тірі кезінде DeLuxe қонақ үйінің демалыс орнынан ойынхана ашылғанын хабарлады. "Мұнда адам көп келеді. 20-25 адам ойнайды, қалғандары кезек күтіп тұрады. Кіру үшін 2,5, 10 мың сом төлеу керек".


Ош қалалық ішкі істер басқармасы Алиев арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған.


 


centralasian.org




Көрілген: 1140    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.06.2019, 18:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30