Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде миллиондаған балаға аштық қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұған Украиндағы ахуал себеп. Тақауда Юнисеф қорының өкілдері осылай деді.
Қазір аталған аймақтардағы әр бесінші баланың өсіп-жетілуінде қиындықтар бар. Бүлдіршіндердің 36%-інің ғана киімі бүтін, тойып тамақ ішеді.
Жалпы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка мемлекеттері азық-түліктің 90%-тен астамын сырттан тасиды. Мәселен арпа мен бидай Украина мен Ресейден импортталады.
Бірақ осы екі ел арасындағы қарулы қақтығыс басталғалы жеткізу қиындап, өнім күрт қымбаттап кеткен.