Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Минкстегі оппозициялық шеру аяқталды

23 тамыз 2020, 13:28

Минскіде Тәуелсіздік алаңында өткен наразылық шарасы тыныш жағдайда аяқталды, деп хабарлады tass.ru.
Шараға жүздеген адам жиналды. Алаңға оппозицияның үйлестіру кеңесінің мүшелері Павел Латушко мен Мария Колесникова келді, бірақ олар онда ұзақ уақыт болмады және наразылық білдірушілермен қысқа сөйлескеннен кейін кетіп қалды. Латушко мен Колесникова мінберге шығып сөз сөйлемеді.

Алаңда кез келген адам ойын айта алуы үшін "еркін микрофон" ұйымдастырылды. Онда айтылған сөздер, ең алдымен, биліктің сынына қатысты болды.

Митингтің басталарда алаңға Ішкі әскерлердің әскери қызметшілері келіп, Лениннің ескерткішін металл қоршаумен қоршады. Оған наразылық білдірушілер алдыңғы күндері плакаттар ілген болатын. Алайда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері наразылық акциясына араласпады.

Шерушілер митинг аяқталар алында «Күн сайын», деп ұран тастады, бұл олардың шеруді күн сайын жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

BAQ.KZ