Шартарап

Минск қаласында тағы да митинг басталды

  • Минск қаласында тағы да митинг басталды

    Минск қаласында тағы да митинг басталды

Беларусьте қауіпсіздік күштері базалары мен ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері орналасқан Минскінің шығыс бөлігіндегі наразылық білдірушілер жиналатын орындарға арнайы техникалар жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tut.by-ге сілтеме жасап.

Оппозиционерлер Якуб Колас алаңында митингтер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Алайда олар наразылық білдірушілерден алаңға өзі шықпай, сол маңға қарай жиналуды сұрады. 

 
Таңертеңнен бастап қалада арнайы жасақтық техника көбейген. 

"Рұқсат етілмеген іс-шараларға қатысуға шақыру бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Belta ақпараттық агенттігі.

Алғашқы тұтқындаулар туралы мәліметтер жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 16-да пайда болды. Куәгерлер Tut.by агенттігіне Пушкинская және Ғылым академиясы метро станциялары ауданындағы тұтқындаулар туралы айтты. Кейінірек осы агенттіктің редакторы Анна Калтыгинаның ұсталғаны туралы белгілі болды.

Қазіргі уақытта Бангалор алаңына кіреберісті жол полициясы жауып тұр. Құқық қорғау органдары алаңның аумағында адамдарды ұстауда.

Наразылық акциялары республикада Александр Лукашенко президенттік сайлауда жеңіске жеткен кезден бастап ұйымдастырылуда.  Оппозиция жақтаушылары дауыс беру нәтижелерімен келіспеген. 

Stan.kz




Көрілген: 279    Пікірлер: 0

сенбі, 27.03.2021, 20:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31