Мобилизацияға қарсы болған ресейлік әнші өзіне қол жұмсады

02 қазан 2022, 10:31

Walkie деген лақап атпен танымал ресейлік әнші Иван Петунин өзінің адам өлтіруге дайын еместігін айтқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Соғыс пен мобилизацияға қарсы болған өнерпаз суицид жасар алдында видеоүндеу қалдырып кеткен.

 

Өзінің айтуынша, Украинада 7 ай бұрын басталған соғыс оған қатты әсер етіпті. Ол жан-тәнімен пацифист болған және қолына қару алғысы келмеген.

 

Мен денсаулығыма байланысты әскерге шақырылмауым керек. Дегенмен әскери комиссариаттағылардың бұған қарайтынынына сенбеймін. Қазір басталған ішінара мобилизация мұнымен тоқтамайды. Әлі бәріне шақырту келеді, — депті соңғы сөзінде әнші.

 

Иван Петунин 27 жаста еді.

 

Қайтыс болардан жарты күн бұрын ол өзінің "Walk out boy 3" атты жаңа альбомын шығарған.