Молдова президенті Ресейдің әскери күштерін Приднестровье аумағынан шығаруды талап етті

19 мамыр 2022, 18:28

Молдова президенті Майя Санду Еуропарламентте сөйлеген сөзінде Ресейдің әскери күштерін Приднестровье аумағынан шығаруды талап етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аbai.kz-ке сілтеме жасап.

Санду «Ресей күштерінің Приднестровье аумағында болуы республиканың бейтараптығы мен егемендігін бұзады” деп мәлімдеді.

 

«Приднестровье қақтығысы – біз әлі арылмаған мәселенің бірі. Біз Молдова Республикасының егемендігін және халықаралық танылған шекараларымыздың шегіндегі аумақтық тұтастығын толығымен сақтай отыра, осы қақтығысты бейбіт жолмен шешуді қалаймыз»,-деді  Молдова президенті.

 

Еске сала кетейік, бүгінгі күні ресми мойындалмаған Молдованың Приднестровье аумағында Ресейдің 2 мың сарбазы мен әскери техникалары топтастырылған.

 

Украинадағы соғыс басталғаннан кейін сарапшылар Ресей Приднестровьені Украинаның батысынан шабуылға шығу үшін пайдаланады деген болжам айтқан болатын.