Молдованың бұрынғы президенті тұтқындалды

25 мамыр 2022, 08:06

Молдованың бұрынғы президенті Игорь ДодОн 3 тәулікке қамауға алынды. Оған бірнеше бап бойынша айып тағылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Солардың ішінде «мемлекетке опасыздық жасау» және «жеморлық» та бар.

 

Игорь ДодОн 2016-2020 жылдар аралығында президент қызметін атқарды.

 

Оған қарсы қылмыстық іс қозғауға 2019-шы жылғы бейнежазба түрткі болған. Онда жергілікті олигархтардың бірі ДодОнға түйіншек беріп жатады. Оның ішінде, пара болды деген күдік бар.

 

Алайда бұрынғы мемлекет басшысы тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарып отыр.