Шартарап

Моңғолияда коронавирус инфекциясы тіркелді

  • Моңғолияда коронавирус инфекциясы тіркелді

    Моңғолияда коронавирус инфекциясы тіркелді

Моңғолияда коронавирустың алғашқы жағдайы Дорноговь аймағында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инфекция жұқтырған азамат 2020 жылдың 2 наурызында Моңғолияға Мәскеу-Улаанбаатар бағытына қатынайтын ұшақпен келген. Ол — бұл елде уақытша тұруға тіркелген 56 жастағы Франция азаматы. Одан алынған алдын ала зерттеулер нәтижесінде оның «ковид 19» вирусын жұқтырғаны анықталды.

Сырқат қазіргі уақытта Дорноговь аймағының Улаанбадрах сұмынында (ауыл) орналасқан «Арева» (моңғолша «Бадрах энержи») компаниясының ғимаратында оқшауланғаны жайлы ресми дереккөздер мәлімдеп отыр. Оқшауланған француз «Арева» компаниясында жұмыс істейді.

Бүгін таңертеңгі сағат 6-да Төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссия (ШК) премьер-министрдің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшиннің кеңсесінде шұғыл жиналыс өткізіп, науқаспен әуе рейсінде, қонақ үйлер мен пойызда бірге болған азаматтарды анықтады. Жол қатынастарын келер дүйсенбіге дейін тоқтауға шешім қабылдады.

Бұл жөнінде Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссияның бастығы, премьер-министрдің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшин: «Алдын ала болжам бойынша азаматкоронавирус жұқтырған. Алайда қайтадан тест тапсырып, растаймыз. Егер жағдай ауырлайтын болса, Еуропаға ұшатын әуе рестерінің барлығын тоқтатамыз», - деді.




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 11:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30