Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мұғалімдер бала санының өсуіне байланысты наразылыққа шықты

17 желтоқсан 2022, 20:38

Германияда мұғалімдер сыныптардағы бала санын азайтуды талап етіп митингке шықты - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Halyq Uni тілшісі trtnarusskom арнасына сілтеме жасап жазды.

Германияның астанасында мұғалімдер шенеуніктердің мектептегі білімге деген көзқарасына наразы. Олар сыныптардағы оқушылар санын азайтуды талап етіп шеруге шықты.

 

Айтуларынша, қазір билік сыныптардағы балалар санын 25 оқушыдан асыруға рұқсат еткен. Ал, бұл білім сапасына тікелей әсер етеді дейді мұғалімдер.

 

Оның үстіне мектептерде оқытушылардың саны жетіспейді. Шерушілерге әлеуметтік қызметкерлер мен мектеп психологтары қосылған.

 

Біз Берлин билігінің сыныптағы оқушылар санын күннен-күнге арттырып жатқанына енді шыдағымыз келмейді. Олар үнемі ақшаны үнемдегісі келген кезде осылай жасайды. Шенеуніктер сапалы білім тек көлемі кіші сыныптарда ғана мүмкін болатынын ойламайды да, – деді наразылыққа қатысушы.

 

Педагогтер бұл мәселені саясаткерлермен, қаржыға жауапты адамдармен талқылау үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болғандарын айтады.