Шартарап

Мұсылман әйел тегін берілетін тамақ халал емес деп наразы

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Аустралияның Мельбурн қаласында енгізілген карантинге байлынысты үйінде қалып қойған мұсылман әйел оған жеткізілген тамақты жей алмағанын айтады. Сөзінше, ол тамақтың халал, халал еместігін білмегендіктен нәр тартпауға мәжбүр болған, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы Daily Mail басылымында жарияланды.

 

"Ең бірінші күні бізге нан берілді. Мен мұсылман болғандықтан кез келген тамақты жей алмаймын. Мен оның халал екенін білмеймін ғой", - дейді ол.

 

Ол осыған ұқсас сынды жайттарды айтып, танымал TikTok желісіне видеолар жүктеуде.

 

Айта кетейік, Солтүстік Мельбурн мен Флемингтонда бірнеше көпқабатты үйлер қатаң карантинге жабылыпты. Үш мыңнан астам пәтер тұрғындары тұтас коронавирусқа тест тапсырмайынша олардың барлығы оқшаулану режимін бұзуға болмайды. Карантин 14 күнге жарияланыпты. Десек те мемлекеттің премьер-министрі Даниэль Эндрюс бес күннен кейін шектеу шараларын аяқтауды ойлаған.

 

"Менің ақшам бар. Бірақ бізге дүкенге барып, өзіміздің не жейтінімізді ала алмаймыз. Аустралияның мұсылмандарды қорғау орталығына қажетті азық-түлік келуде, алайда халал өнімдер бізге жетпей жатыр. Мен сіздерге жағдайдың қиын екенін осылай жеткізгім келді", - дейді TikTok қолданушысы.  




Көрілген: 336    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.07.2020, 15:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30