Шартарап

Мұсылман елдері арасында ажырасудан алдына "жан" салмаған ел анықталды

  • http://islam.kz

    http://islam.kz

Соңғы жылдары араб әлемінде ажырасу эпидемиялық сипат алып барады. Оның эпицентрі – Саудия болып тұр. Яғни, өзге мұсылман елдеріне қарағанда ажырасу оқиғалары Саудияда әлеуметтік сипат алған.


Аталған араб елінің неке және ажырасу жөніндегі әділет министрлігі келтірген статистикалық мәліметке қарағанда, осы жылдың мамыр айында ел аумағында 711 жұп неке қидырған екен, ал ажырасу көрсеткіші неке қидырғандардан асып кеткен – 900 ерлі-зайыпты ажырасқан.


Бұл жайында Saudi Gazette мерзімді басылымы хабарлады.


Бір қызығы, ажырасқан ерлі-зайыптылар арасында болмашы нәрселер үшін ажырасқандар қарасы көп. Мәселен, әйелі футбол көргісі келеді, ал ері зайыбының бұл ермегін құптамайды. Я болмаса асты дәмді етіп дайындамағаны да ажырасуға себеп болап жатады.


Бұл арабтар арасында отбасылық өмірге дайын еместердің қарасы көп екенінен хабар береді.


Бұдан бөлек, соңғы жылдары тақ мұрагері жүргізген әлеуметтік-экономикалық реформа да өз әсерін тигізуде, әйелдердің құқығын кеңейту бағытында қолға алынған шаралар ғасырлар бойы қалыптасқан патриархалдық тәртіптің іргесін шайқауда.


Сондай-ақ, араб әлемінде Біріккен Араб Әмірлігінде де ажырасу белең алып кеткен: Әбу-Даби Статистика орталығы (ADSC) жариялаған баяндамада келтірілген дерекке сәйкес аталған араб елінде өткен жылы ажырасқандардың 30%-ға жуығы отбасын құрған алғашқы жылда ажырасқан.


Сонымен қатар, ажырасқандардың арасында шаңырақ көтеріп, отау құрғандарына 4 жыл толмағандар саны көп - 62,2%.


Аталған ел тұрғындарының шетелдік азаматтармен көңіл жарастырып, отбасын құрғандар саны артып келеді: өткен жылғы тіркелген некенің 21,7%-ын құрайды. Аталған ел тұрғындарымен неке қидырғандар арасында Парсы шығанағы елдерінің азаматтарының қарасы көп.


Бұл елде ерлердің көбісі 27 жастан асқан соң үйленіп, үй болып жатады. Ал әйелдер арасында 24 жастан асқан соң тұрмысқа шығатындар қарасы көп.


Сөйтсе де Әбу-Даби тұрғындарының жартысынан көбісі (59%) 15 жастан асқан соң неке қидырған.


Аталған ел тұрғындарының 35%-ы мүлдем неке қидырмаған бойдақтар мен оң жақта отырып қалған қыздар құрайды.


islam.kz


 




Көрілген: 1659    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.07.2019, 15:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31