Мьянмада бейбіт тұрғындарға оқ атылды

25 желтоқсан 2021, 20:44

Мьянманың Кая штатында әскерилер бірнеше көлікпен кетіп бара жатқан 30-дан астам бейбіт тұрғынды атып тастаған. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар.

 

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарына сүйеніп Рейтер агенттігі хабарлады.

 

Оқиға Хпрусо қаласына жақын жердегі Мо Со ауылының маңында болған.

 

Бірақ әскерилер 7 көлікпен кетіп бара жатқан бейбіт тұрғындар емес бүлікшілер деп отыр.

 

Мьянмада биыл 1 ақпан күні әскерилер төңкеріс жасап билікті басып алған. Осыдан кейін елдің кей аймағында халықтық жасақтар құрылып, хунтаға қарсы әрекет етек жайды.

 

 

 

24.kz