Шартарап

Мысығы тістеп алған әйел көз жұмды

  • Мысығы тістеп алған әйел көз жұмды

    Мысығы тістеп алған әйел көз жұмды

60 жастағы әйел коронавирусқа шалдықтым деп ойлап, ауруханаға барған. Науқас 25 наурыз күні көз жұмды

Ресейдің Волгоград облысының тұрғынын мысығы тістеп алды. Әйел өзін бірден жайсыз сезінген. Көп ұзамай қайтыс болды.

Марқұмның мысықтан құтыру дертін жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.

60 жастағы әйел коронавирусқа шалдықтым деп ойлап, ауруханаға барған. Алайда дәрігерлер құтыру дертінің белгілерін анықтап, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберді.

Науқас 25 наурыз күні көз жұмды.

Эпидемиологиялық тексеріс кезінде әйелдің мысығы мен иті болғаны анықталды. Бір жарым ай бұрын мысығы ит пен иесін тістеп алған. Ит өліп кетті, бірақ әйел дәрігерлер көмегіне жүгінбеді.

Дәрігерлердің айтуынша, құтырудың инкубациялық мерзімі бірнеше күннен 3 жылға дейін созылуы мүмкін.

sputnik.kz




Көрілген: 1335    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 10:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31