Шартарап

Мысық жарты сағат кір жуғыш машинада жуылса да, аман қалды

  • Мысық жарты сағат кір жуғыш машинада жуылса да, аман қалды

    Мысық жарты сағат кір жуғыш машинада жуылса да, аман қалды

Австралия тұрғынының алты айлық Поппи атты мысығы 30 минут кір жуғыш машинаның ішінде киімдермен бірге жуылып, аман қалды, деп хабарлайды ABC News.


Австралиялық әйел Ким Барр сүйікті мысығының кір жуғыш машинаға қалай түсіп кеткенін өзі де білмейді. Оның айтуынша, Поппи лас киімдер жатқан себетте ұйықтап қалыпты. Кейін киімдердің арасында жатқан мысықты иесі байқамай, кір жуғыш машинаның ішіне салып жіберген. Біраздан соң Ким Барр отбасымен бірге мысықты іздей бастайды, бірақ еш қай жерден таппайды.


"Үйдің түгел қарап шықсақ та, таба алмадық", - дейді жануардың иесі.


Содан кейін отбасы мүшелері мысықты іске қосылған кір машинаның ішінен тауып алыпты. Ол машинаның ішінде жуылған киімдермен бірге сығылып жатыр екен. Осыдан кейін Поппидің иесі оны бірден ветеринарға апарады.


Дәрігер мысықтың басынан жарақат алғанын, көзін ауыртып алғанын анықтайды. Сонымен қатар Поппидің дене температурасы қалыпты нормадан төмен болған, әрі өкпесіне су жиналыпты. Бір қызығы, мысықтың сүйегі сынбаған.


sputniknews.kz




Көрілген: 573    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.04.2019, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30