Шартарап

Мысырда коронавирус туралы деректерді таратқан дәрігерлерді тұтқындауда

  • Мысырда коронавирус туралы деректерді таратқан дәрігерлерді тұтқындауда

    Мысырда коронавирус туралы деректерді таратқан дәрігерлерді тұтқындауда

Мысыр билігі коронавируспен күрес туралы мәліметтерді тарататын және мәселелер туралы ашық мәлімет беретін медициналық қызметкерлерді тұтқындауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

 

Беглігі болғандай, наурыз айынан бері кемінде тоғыз дәрігер мен басқа да медициналық қызметкерлер тұтқындалған.

 

Олардың барлығы COVID-19 коронавирус инфекциясымен күрес саласындағы мемлекеттік саясатқа наразылықтарын білдірген.

 

Атап айтқанда, медициналық қызметкерлер мемлекеттік ауруханаларда қорғаныс құралдарының жоқтығын, халықтың жаппай тексеруден өтпейтінін, әріптестерінің арасында көз жұмғандардың барын және вирус жұқтырудың жаңа деректері туралы ақпаратты рұқсатсыз таратып отырған.

 

Coda басылымы мұндай іс-әрекеттерді үкімет жалған ақпарат тарату деп қарастыратынын атап өтті. Нәтижесінде дәрігерлер күйзеліс жағдайында, қажетті қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеуге мәжбүр.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында медициналық қолғаптың сапасын сынаған хирургтің жұмыстан босатылғаны туралы жазған едік.

 

Алайда кейінірек дәрігердің жаңа жұмысқа орналасып, лауазымы жоғарылағанын хабарлаған болатынбыз. 

 

 




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

жұма, 03.07.2020, 22:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31