Шартарап

Мысырда туристік автобустың жарылысынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Мысырда туристік автобустың жарылысынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Telegram-каналында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«2019 жылғы 19 мамырда Каир қаласындағы Гиза ауданында автокөлік жолында орналастырылған жарылғыш қондырғының жарылысынан туристік автобус пен бірнеше жеңіл автокөлік жарылды. Салдарынан шетелдік туристер мен жергілікті тұрғындар зардап шекті. Мысыр Араб Республикасы Ішкі істер министрлігінің қазақстандық дипломаттарға берген алдын ала ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - делінген хабарламада.


ВВС-дің хабарлауынша, Мысырдың Үлкен музейі маңында болған жарылыстан кем дегенде 16 адам жарақат алды.


БАҚ-тың мәліметінше, олардың дені шетелдік туристер.


Жарылғыш зат автобус музейдің қоршауы жанынан өтіп бара жатқанда іске қосылған.


Көлікте барлығы 28 жолаушы болған.




 




Көрілген: 243    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.05.2019, 23:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30