Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

NASA Айға ғаламтор жүргізбек

19 қазан 2021, 09:39

LunaNet бағдарламасы бойынша Айдың бетіне байланыс беру үшін бірнеше түйіндер орнатылады

Айды игеру - Америка ғарыштық бағдарламасының алдағы онжылдықтағы  басымдықтарының бірі. Олар Айға алдымен ұшқышсыз ғарыш аппараттарын, содан кейін ғарышкерлермен бірге экипаждарды жібереді.

 
Американдық астронавтар 1969 жылдың жазында және 1972 жылдың қысында Айда болды. Ал 2017 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамп Жердің ең жақын спутнигін игеруді бастау қажеттілігі туралы құжатқа қол қойды.Осы құжатқа сәйкес, 2021 жылдың қараша айы 2022 жылдың қаңтарында Artemis-1 ұшқышсыз ғарыш кемесі Айға аттанады.

Аталған жоба аясында NASA ұсынған жаңа технологиялардың бірі - Ай интернеті. Қолданыстағы байланыс радиоарналарының қуаты ғарышкерлер жинағалы отырған деректердің барлық көлемін беру үшін жеткіліксіз. NASA жоспары бойынша жаңа миссия Айға қарапайым ұшумен шектелмейді. Ғарышкерлер онда ұзақ уақыт қалады және спутниктің маңызды бөлігін игереді.

Айдағы ғаламтордың Жердегі вайфайдан  ерекшелігі оның тұрақтылығында болмақ. Сонымен қатар, Ай бетіне орнатылған түйіндер ақаулар пайда болған жағдада жинақталған ақпаратты сақтай алады.

Одан бөлек, байланыс тораптары төтенше жағдайларды бақылай алады. Мысалы, радиация деңгейінің өсуіне әкелетін дауылдарды байқап, ғарышкерлерге бұл туралы ескертуге қабілетті.

azattyq-ruhy.kz