Шартарап

Наурыз мейрамында жалаңаштанып тамақ пісірген қыздардың видеосы тарады

  • © Public Domain

    © Public Domain

21 наурызда әлеуметтік желіде Өзбекстандағы "Сахара" түнгі клубында бір топ әйелдің жартылай жалаңаштанып сумалак пісіріп жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлады Газета.uz.

 

Мерекелік тағамды әзірлеу процесінің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.

 

Хорезм облыстық телерадиокомпаниясының репортажында видеоға түсірілген жағдай "өзбек ұлтының, өзбек әйелінің ар-намысына тиетіні" айтылған.

 

Кейінірек "Сахара" түнгі клубының қызметкерлері халықтан кешірім сұрады.

 

"Кешірім сұраймыз, білместіктен істедік", -  дейді видеодағы қыздар.

 

 

23 наурызда Үргеніш қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты іш киіммен сумалак пісірген алты әйелге қатысты шешім шығарды. Әкімшілік іс қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаралды.

 

Сот үш әйелді Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп тауып, ең қатаң жазаны таңдады – олар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жаза 23 наурыз сағат 11:30-дан бастап есептеледі.

 

Тағы үш әйелге 1,22 миллион сум (49 000 теңгеге жуық) айыппұл салынды. Сот олардың балалары бар екенін ескерген.

 

Айта кетейік, сумалак – Наурызда өзбектердің сүйсіне әзірлейтін, тамсана жейтін асы. Әрі пайдалы, әрі дәмді, әрі денеге қуат беретін бұл тағам Қазақстанда аса танымал емес.  

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 649    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.03.2021, 00:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31