Шартарап

Навальный Құран үшін колония әкімшілігін сотқа берді

  • © AP Photo / Pavel Golovkin

    © AP Photo / Pavel Golovkin

Ресей билігінің үрейін қашырған, батыс елдері тарапынан Ресейге саяси қысымның күшеюіне себепкер болған, бүгінде қамауға алынып, темір тордың арғы жағында жатқан ресейлік оппозиционер Алексей Навальный өзі жазасын өтеп жатқан колония басшылығын сотқа берді. Қасиетті Құранды бермегені үшін. Ресейлік оппозиционер бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазыпты. Бұл жайында islam.kz порталы «NewTimes.kz» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

«Құран үшін өз колониямды алғаш рет сотқа беремін деп кім ойлаған. Дәрігерді жіберуден бас тартқаны үшін (аштық жариялауыма байланысты) емес, мені қалай қарайтындығы үшін емес, мұсылмандардың қасиетті кітабы үшін. Мәселе сонда, маған Құран бермейді. Бұл менің ашуыма тиді. Қамалған сәтте мен өзімді жетілдіруіме септігін тигізетіндердің тізімін жасаған едім. Олардың бір тармағы – Құран мен Пайғамбар сүннетін терең зерделеп, түсіну болатын»,- деп жазыпты. Түпнұсқасы:  «Кто бы мог подумать, что первый раз я подам в суд на мою колонию из-за Корана. Не из-за отказа допустить врача (причина моей голодовки), не из-за условий содержания, а из-за священной книги мусульман. Дело в том, что мне не дают мой Коран. И это бесит. Когда меня только посадили, я составил список улучшений самого себя, которые постараюсь сделать в заключении. Один из пунктов был глубоко изучить и понять Коран и Сунну Пророка».

 

Осылай деген ол ресейлік мұсылман емес саясаткерлер арасында Құран бойынша чемпион болғысы келетінін жеткізіпті.

 

«Айналадағылардың барлығы ислам мен мұсылманды ұдайы талқылап жатады, әрине, талқылаушылардың 99%-ы бұдан ештеңе түсінбесе де. Әлбетте, мен оны бұрын да оқығанмын. Белгі қою үшін бәрін оқып шыққаным болмаса, түк түсінбедім. Бұл маған жеткіліксіз»,- деп жалғастырыпты. Түпнұсқасы:  «Все ведь вокруг бесконечно обсуждают ислам и мусульман, и, конечно, обсуждающих ничего в этом не смыслит. Я его и раньше читал, конечно. Но так, как все читаю, чтобы поставить галочку, но ничего не понимаю. Мне этого недостаточно», — пояснил политик.

 

Алексей Навальный қасиетті Құранды тек оқып қоймай, жаттауға бел буғанын да жазыпты. Оппозиционер түрме бастығына кезекті шағымын жазғанын әрі сотқа бергенін де айта кетіпті.

 

«Сендер Құранды да экстремизм бар-жоқ па, деп тексермексіңдер ме? Бұл ақымақтық әрі заңсыздық қой! Маған өз Құранымды оқуға болмай ма, бұған қашанғы шыдауға болады? Әрбірден соң аштық жариялағаныма 13 күн өткенде, көңіл күйім философияға ыңғай беріп жүр» - деп түйіндепті сөзінің соңын. Түпнұсқасы:  «Вы и Коран будете проверять на экстремизм? Это же глупо и незаконно! Сколько можно терпеть, мне, что теперь, и собственный Коран нельзя почитать? Тем более что сейчас, на 13-й день голодовки, настроение у меня философское».

 

 

 




Көрілген: 724    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 19:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31