Шартарап

Навальный ресейліктерді көшеге шығуға шақырды

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Германиядан орала салысымен Мәскеу әуежайында ұсталып, бір күннен соң 30 күнге қамалған оппозициялық саясаткер Алексей Навальный өзін қамауға санкция берген соттан кейін ресейліктерді "қорықпай көшеге шығып, наразылыққа шығуға" үндеді.

 

18 қаңтар күнгі сот тыңдауын ол &ldquoсот жүйесін мазақтау&rdquo деп атады. Қысқа уақыт аралығында 2,5 млн рет көрілген видеода саясаткер Ресей билігінің наразылықтан қатты қорқатынын айтып, "мен үшін емес, өздеріңнің келешектерің үшін шығыңдар" деген.

 

Дүйсенбі күні Химки соты Навальныйды 15 ақпанға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Сол уақыт аралығында басқа сот оның шартты жазасын түрме жазасына ауыстыру мәселесін қарайды. 2014 жылы Навальный "алаяқтық" бойынша айыпталып, 3,5 жылға шартты түрде сотталған. Құқық қорғаушылар істің саясиланғанын айтқан.

 

Халықаралық қауымдастық Навальныйды қамауды айыптап, Ресей президенті Владимир Путиннен оны тез арада босатуды талап етті.

 

18 қаңтарда Санкт-Петербургте полиция "Гостиный двор" кешені алдына жиналған Навальныйдың ондаған жақтасын ұстады. Осыған ұқсас ұстаулар Мәскеу мен Ресей астанасы маңындағы Химки елді мекенінде де болған.

 

Полиция 17 қаңтарда Германиядан ұшып келген 44 жастағы Кремль сыншысы Алексей Навальныйды Шереметьево әуежайындағы кеден бекетінен ұстаған. Тамыз айының соңында комаға түсіп, Берлиндегі клиникаға емдеуге жіберілген Навальный сол жақта есін жиып, қыркүйек соңында ауруханадан шыққаннан кейін Германияда сауықтыру бағдарламасынан өткен. Ол содан бері Ресей аумағына алғаш рет аяқ басқанда ұсталып отыр.

 

 

 

azattyq.org




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 13:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28