Навальныйға федералды іздеу жарияланды
Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға 2020 жылдың  29 желтоқсанында федералды іздеу жарияланды. Бұл туралы оның адвокаты Вадим Кобзев айтты, - деп хабарлайды Новая газета.
 
Федералды үкімді орындау қызметінің қаулысында Навальныйдың қайда екенін анықтау мүмкін болмағаны айтылады.
 
Mash Telegram арнасы жариялаған қаулыға сәйкес, сотталушы қылмыстық-атқару инспекциясынан қашып жүр. Сондықтан оған қатысты 27 желтоқсанда "алғашқы іздеу әрекеттері" басталды.
 
"Жүргізілген алғашқы іздестіру іс-шаралары барысында сотталушының қай жақта екенін анықтау мүмкін болмады", - делінген құжатта.