Назарбаевтың экс-күйеу баласының неден қайтыс болғаны анықталды

25 қазан 2020, 14:49

Асқар Ақаевтың ұлы, Назарбаевтың экс-күйеу баласы Айдар Ақаевтың неден қайтыс болғаны анықталды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы РЕН ТВ-ге сілтеме жасап.

 

6 ақпанға қараған түні Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың 43 жастағы ұлы Айдар Ақаев қайтыс болды. Оның денесі Мәскеу облысындағы Рублево-Успенск тас жолындағы ауылдағы үйден табылған.

 

Оқиға бойынша тексеру барысында оның жүрек ұстамасы алкоголь мен кокаиннен болғаны анықталды.

 

Асқар Ақаев &ndash Кеңес және Қырғыз мемлекеттік және саяси қайраткері, 1990 жылдан 2005 жылға дейін Қырғыз Республикасының президенті болған. Қазіргі уақытта ол Ресей астанасында ғылыми қызметпен айналысады.