Шартарап

Немересін қолдауға келген әжей басына доп тиіп, көз жұмды

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританиядағы Тонтон қаласында немересін регби ойынына қолдауға келген әжей басына доп тиіп, қайтыс болды деп хабарлайды  KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 

12 қаңтарда Торонто қаласы, Сомерсет графтығында регби ойыны кезінде қайғылы жағдай орын алды.

 

69 жастағы Дженнифер Селвуд немересі Эллистің жасөспірімдер командасының құрамында регби ойнап жатқан сәтін трибунадан бақылап тұрған. Үйіне қайтқалы жатқан ол спортшы немересіне тағы бес минут отырамын деп уәде берген. Дәл осы кезде ойыншылардың бірі допты теуіп, ол Селвудтың басына тиген.

 

Алған соққыдан қарт кісі құлап қалған. Адамдар оған көмекке ұмтылып, дереу дәрігерлерді шақырған. Ақ халаттылар Селвудтың миы шайқалған деп оны дереу қалалық ауруханаға жеткізіпті.

 

Кейінірек жағдайы ауыр болған соң оны Бристоль қаласындағы басқа ауруханаға ауыстырған. Алайда екі апта бойы комада жатқан Селвуд әжей 25 қаңтарда қайтыс болды.

 

Тергеу барысында өлімнің себебі қанның айналуына кедергі келтіретін қайталама апластикалық анемия мен бас миының қатты зақымдануында екені хабарланған.

 




Көрілген: 280    Пікірлер: 0

жұма, 14.02.2020, 17:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31