Шартарап

Неміс ғалымдары төсекте жатып ақша табуға керемет мүмкіндік жасамақ

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Неміс ғалымдары екі ай бойы төсектен тұрмай жатуға келісетін еріктілерге 16.500 еуро мөлшерінде ақы төлемек. Бұл туралы euronews.com хабарлады.


Экспериментті Кельндегі ғарыштық зерттеулер орталығы ұйымдастырып отыр. Осы арқылы ғалымдар ұзақ уақыт бойы көлденең жатқан адам ағзасындағы өзгерістерді түсінуге әрекет жасамақ.


Бір белгілісі, ұзақ уақыт бойы салмақтсыздық күйінде болу сүйектер мен бұлшықеттердің атрофиясына себеп болып, жүрек-қан тамыры белсенділігін бәсеңдетеді, ағзадағы сұйық дененің жоғарғы бөлігіне қозғалуға ұмтылады.


Бұдан бөлек, қимылсыз жата беру бастың айналып, жүрек айнуына, вестибулярлық аппарат жұмысының бұзылуына, жалпы иммунитет жүйесінің әлсіреуі мен бел ауруына әкеп соқтырады. Экспериментке байқау жариялаған Неміс аэроғарыш агенттігі 60 күн бойы қимылсыз жатуғка келісім беретін 12 ер адам мен 12 әйелді іріктеп алмақ.


Айта кетейік, эксперимент дайындық кезеңімен бірге 89 күнге созылады.


ҚазАқпарат


 


 




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

сенбі, 30.03.2019, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31