Шартарап

Нидерландта бет бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым күшіне енді

  • Нидерландта бет бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым күшіне енді

    Нидерландта бет бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым күшіне енді

1 тамыздан бастап Нидерландта қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде әйелдерге бетін бүркемелейтін киім киюге салынған тыйым ресми түрде күшіне енді.


Бұдан былай қоғамдық көлікте, мектепте, ауруханалар мен мемлекеттік мекемелерде паранжа, ниқаб және чадра киюге болмайды.


Нидерландтың ішкі істер министрлігі полиция мен муниципалдық биліктен заңның орындалуын бақылауды сұрады. Мәселен, қауіпсіздік қызметкері ниқабтағы әйелді көрсе, олар азаматтан жүзін көрсетіп жүруді сұрауға міндетті. Бетін ашудан бас тартқан әйел ғимаратқа кірмеуі, 150 еуро (166 доллар) айыппұл төлеуі мүмкін.


Көбіне Түркиядан, Суринам, Индонезия мен Мароккодан келген мұсылмандар үлесі Нидерланд халқының 5 пайызына жуықтайды. Бірақ ислам ұстанатын әйелдердің паранжа мен ниқабта жүруі сирек. Германиялық DPA агенттігінің мәліметінше, Нидерландта бетін тұтастай бүркейтін мұсылман үлгісінде киінетін 400-ге тарта әйел бар.


Кейбір полицейлер мен медициналық мекемелер бұл заңды орындауды талап етпейтіндерін ашық айтты. Бірақ оңшылдар мүше Азаттық партиясының жетекшісі Герт Вилдерс видеоүндеу арқылы "Полиция мен дәрігерлер әйелдерден жүзін ашуды талап етпесе, мұны азаматтардың өзі-ақ істей алады" деп мәлімдеді.


Нидерланд парламентінің бірінші палатасы былтыр маусымда қоғамдық орындарда әйелдердің бетін бүркеп алатын киім киюіне тыйым салуды қолдап дауыс берген. Нидерланд парламентінің екінші палатасы мұндай заңды 2016 жылы қабылдаған.


Бұған дейін Дания, Австрия, Бельгия және Францияда, Швейцария мен Испанияның бірнеше ауданында, Канаданың Квебек провинциясында қоғамдық орындарда бет-әлпетті жауып тұратын киім мен бас киім киюге тыйым салынған.


www.centralasian.org




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

жұма, 02.08.2019, 21:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30