Шартарап

Нигерияда 500 адам «азаптау үйінен» босатылды. Олардың арасында бес жасар бала да бар

  • Нигерияда 500 адам «азаптау үйінен» босатылды. Олардың арасында бес жасар бала да бар

    Нигерияда 500 адам «азаптау үйінен» босатылды. Олардың арасында бес жасар бала да бар



Нигерияда полиция 500-ге жуық ер адам мен балалар жыныстық зорлық-зомбылық пен азап үйінен босатылды. Олардың ең кішісі бес жаста, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі BBC -ге сілтеме жасап. 


бала дене


Полицияның мәліметінше, ол үй мұсылман мектебі деп саналған.

Кадуна қалалық полициясының бастығы Али Джанга BBC-ге үйге кіргенін айтты. Ол көргендерін «азаптау үйі» және қазіргі құлдық мекені деп атады.

Сегіз адам қамауға алынды, олар сол жерде мұғалім болған. Полиция басшысы босатылғандардың кейбірі мүлдем тамақтанбағанын және ұрып-соғу белгілері болғанын айтты.


Тұтқындар ол жерде өздерін жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр еткенін және аз тамақ бергені туралы айтады. Сондай-ақ, кетуге рұқсат бермеген. Мұндай жағдай бірнеше жылдан бері созылдып келіпті.


«Мені мұнда жеті ай аяғымды байлап ұстады. Олар өздерін мұсылман орталығы деп атайды. Егер ол жерден кетуге тырыссаңыз, жазалайды. Сол үшін адамдары аяғынан байлап, төбеге асып тастайды", - деді Белл Хамза БАҚ өкілдеріне. 


Кейбір балалар бұл жерге өздерін туыстары Құран оқу үшін әкеп өткізген екен. 

Екі бала полицияға ата-аналары оларды Буркина-Фасодан оқуға жібергендерін айтты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, босатылғандардың көпшілігі Нигерияның солтүстігінде.


Мұсылман мектептері аймақта көп. Алайда, оның кейбіреулерінде заң бұзушылықтар жиі кездеседі екен. Мысалы, балаларды көшеде қайыр сұрауға мәжбүр ететіндері туралы бұрыннан айтылып келеді. 


 



 

 




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.09.2019, 18:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31